19.03.2020, 14:30

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам анықталды

Фото: pixabay.com
Бүгінде Қазақстанда барлығы 44 адам коронавирус жұқтырған, Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда - 25 адам.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 7 адам вирус анықталған адамдармен байланыста болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам анықталды. Олар 25-52 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары. Олардың барлығы бұған дейін вирус анықталған адамдармен тікелей байланыста болған. Қазір олар стационарда карантинде жатыр. Емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы", - деді Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Бүгінде Қазақстанда барлығы 44 адам коронавирус жұқтырған, Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда - 25 адам.  

Тағы екі қазақстандық шетелде: біреуі Германияда, тағы біреуі Венгрияда.