$ 524.65  552.19  5.14

Коронавирус жұқтырған адамдардың тұрған үйі оқшаулануы мүмкін бе? - әкімдік жауабы

Бұған дейін коронавирус жұқтырған адам тұрған Алматыдағы «Сұңқар» тұрғын үйі оқшауланған болатын.

Елорда әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен «Елордада коронавирус жұқтырған адам тұрған тұрғын үй оқшаулануы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

«Карантин жүргізу үшін тұрғын үйді оқшаулау – дұрыс емес, себебі қандай да бір диагнозы анықталған науқас жедел түрде ауруханаға жатқызылады», – деді Бахтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, адам өзін нашар сезініп, жедел жәрдем қызметін шақырса, бірден ауруханаға жатқызылады.

«Егер ол туыстарымен немесе тұрғын үйдегі адамдармен қарым-қатынаста болса, олар карантинге жатқызылады», – дейді ол.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған адам тұрған Алматыдағы «Сұңқар» тұрғын үйі оқшауланған болатын.

Еске ала кетейік, қазіргі уақытта Алматы бойынша-19 науқас, Нұр-Сұлтанда – 25 науқас бар. Елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 44 жағдайы тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин