$ 498.34  519.72  4.85

Головкиннің келесі жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат жарияланды

Оның пікірінше, бокс кештері маусым-шілде айларында қайта басталуы мүмкін.

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутерлерінің бірі Эдди Хирн өз клиентінің мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегін осы жылдың қыркүйегінде өте қоймайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Канелоның" Билли Джо Сондерспен келісімі бар, сондықтан енді жекпе-жектердің мерзімі ірі спорттық жарыстарды қашан өткізуді бастайтынына байланысты. "Канело" - Сондерс жекпе-жегі 2 мамырда Синко-де-Майода өтуі керек еді, бірақ қазір біз мұның кейінге қалдырылғанын естіп отырмыз", - деді Хирн Sky Sports Boxing порталына берген сұхбатында.

Оның пікірінше, бокс кештері маусым-шілде айларында қайта басталуы мүмкін. Осы кезеңде Сондерс пен Альварестің жұдырықтасуы үшін барлық мүмкіндік бар.

"Қазіргі үзілістерге қарап отырсақ, Канело мен Головкиннің жекпе-жегін 12 қыркүйектен кейінге шегеру керек", - деп түсіндірді промоутер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Головкин