$ 444.32  473.33  4.76

Денсаулық сақтау министрі сөйлеп тұрып талып қалды (ВИДЕО)

Сол кезде оған дереу министрдің әріптестері көмекке келеді.

Нидерландтың денсаулық сақтау министрі парламент қабырғасында коронавирусқа байланысты сөз сөйлеп тұрған жерінде талып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Желіде таралған бейнежазбадан мінберде сөз сөйлеп тұрған саясаткердің басында теңселіп, кейін жерге құлағанын көруге болады. Сол кезде оған дереу министрдің әріптестері көмекке келеді. Осыдан кейін ол өзінің баяндамасын ары қарай жалғастырды. Тіпті, креслоға отырудан да бас тартады. Әзірге министрдің халі не себепті күрт нашарлап кеткені белгісіз. 

Айта кетейік, бүгінде Нидерландта 2 мыңнан астам адам ауру жұқтырған. Тағы 58 азамат көз жұмды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары