$ 446.49  475.38  4.79

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батыс және солтүстігінің кей жерлерінде аздаған қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, түнде Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Түнде Атырау облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі. 

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары