$ 514.65  544.6  5.17

«Коронавирусты танкпен атпақ па?»: Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Тексеріс Қарулы күштер қатарында коронавирустың таралуына қарсы тұру шаралары аясында өткізіліп, соңғы кезең ретінде қарастырылған.

Бүгін әлеуметтік желіде елімізде әскери техникалардың топталып тұрғаны көрсетілген видео тарады. Оны желіккен жұрт «Коронавирусты танкпен атпақ па?», «Карантин бекеттеріне қойылып жатыр екен»... деп сан-саққа жүгіртті. Сол себепті, Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«2020 жылдың 18 наурызында әскери даярлықты тексеру бойынша бұрын бекітілген жоспарға сәйкес, Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірі әскери даярлықтың жоғары деңгейіне келтірілді. Барлық техника жұмыс істеп, уақытында шықты. Техника мен әскери қызметшілер өзін мықты қырынан көрсетті. Марш болмады. Техникалар қосымша қаралып, екі сағаттан кейін тұрақты дислокация бекетіне қайтарылды», – деп хабарлады министрлік өкілдері.

Алайда, ресми мәлімдемедегі «Тексеріс Қарулы күштер қатарында коронавирустың таралуына қарсы тұру шаралары аясында өткізіліп, соңғы кезең ретінде қарастырылған» деген сөйлемнің дұрыс жазылмағаны анық.

«Бүгінгі таңда ҚР Қарулы күштері бас штабының нұсқауы бойынша тұрақты дислокациялардағы барлық пунктің тексерісі тоқтатылған» делінген хабарламада.

Бұл ретте, Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерінде жыл сайын жүзге тарта әскери жауынгерлік даярлық өтетінін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары