$ 443.85  474.3  4.8

Полицейлер мен сарбаздар Almaty Towers тұрғын үй кешенін қоршауға алды

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мән-жайды кейінірек хабарлауға уәде берді.

Алматыда Достық даңғылында орналасқан Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлердің сөзінше, кешенді Ұлттық ұлан сарбаздары мен полицейлер қоршауға алған. Айналасына темір қоршау орнатылған. Қазіргі уақытта территорияға ешкімді кіргізбей, ешкімі шығармай жатыр.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мән-жайды кейінірек хабарлауға уәде берді.

Айта кетейік, 19 наурызда WhatsApp желісінде Almaty Towers қоршауға алынғаны туралы хабар тараған болатын. Алайда, қала әкімдігі бұл мәліметті жоққа шығарған. Кешен маңында ешқандай да операция жүргізілмеген еді.

Алайда, бұған дейін «Сұңқар» тұрғын үй кешені, ал кейін оның маңындағы біраз үйлер карантинге жабылған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 44 адам коронавирус жұқтырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары