$ 494.87  520.65  4.91

Абаев президенттің қызметінен кететіні туралы тараған қауесетке жауап берді

Ал қазір біз нақты істерге назар аударуымыз керек.
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметінен кететіні туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

"2019 жылдың 19 наурызы шынымен тарихи күн болды. Бұл күн елді өзгертті. Біздің тарихымызда жаңа кезең санаудың нүктесі болды. Әрине, бұл шешім барлығы үшін күтпеген жерден болды. Меніңше, Елбасының осы қадамға барудағы даналығы мен тереңдігін кейінірек толық түсінеміз. Мүмкін, оған біздің балаларымыз, немерелеріміз дәл баға берер", - деді Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасына берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, бұл оқиғаның бір жылдық мерейтойы қазіргі ел президенті жақын арада өз лауазымын тастап кетеді немесе біреу оның орнын алады және біреу мемлекет басшысының орындығына келді деген түрлі ойлар мен қауесеттерді, теорияларды тудырған.

"Шынымды айтсам, мұндай асханада айтатын әңгімеге түсініктеме беру ыңғайсыз. Бірақ, өкінішке қарай, тақырып соншалықты өзекті болды. Сондықтан көптеген адамдар бұл туралы айтып жүр. Құрметті сарапшылар мен журналистерден бастап нашақорлықтан емделіп жүргендерге дейін айтады. Мен тек бізге маңызды, нақты істерге көңіл бөлуіміз керек деп айтқым келеді. Білесіздер, бізді нақты мәселелерден алшақтатуға тырысады және осы барлық жалған сыбыстарға құзыретті органдар, әрине, өзінің құқықтық бағасын береді. Ал қазір біз нақты істерге назар аударуымыз керек. Бізде халықтың сеніміне ие, заңды сайланған президент бар", - деді Дәурен Абаев.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Кемелұлының өкілеттілігін тоқтатқаны жайлы түрлі қауесет тараған еді.

Кейін президент кеңесшісі Ерлан Қарин халықтан желіде тарап жатқан ондай алып-қашпа әңгімелерге сенбеуді сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары