Ресейлік дәрігер Александр Мясников "Соловьев. Live" бағдарламасында коронавирустың шамамен қашан беті қайтатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Коронавирус менің ойымша, бір айдан кейін, сәуір айының ортасына қарай аяқталды", - дейді Мясников. Оның айтуынша, коронавирус маусымдық құбылыс болып табылатын жіті респираторлық ауруды тудырады. Сондай-ақ, Мясников коронавирустың күзде қайталануы әбден мүмкін екенін атап өтті
Оның айтуынша, әзірге медицинада вирустың берілу жолдары белгісіз. Ол сондай-ақ, пандемия төңірегіндегі үрейді негізсіз деп атады, алайда карантин енгізудің маңыздылығын атап өтті.
"Бәрі өтеді. Уайымдамаңыздар. Барынша сабырлы болған жөн. Себебі үрей - ешкімге көмектеспейді", - дейді Александр Мясников.