$ 494.87  520.65  4.91

Мамырда өтуі тиіс ең беделді кинофестиваль кейінге қалдырылды

Фестиваль маусымның соңына ауыстырылды.

Францияда мамырда өтетін әлемдегі ең беделді кинофестиваль кейінге қалдырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фестиваль маусымның соңына ауыстырылды. Ұйымдастырушылар толық шешімді Франциядағы және әлемдегі денсаулық сақтау жағдайы тұрақталғаннан кейін хабарлауға уәде етті.

Бұл қадам коронавирус індетіне қарсы күресіп жатқан үкімет шараларының күшеюіне байланысты қабылданып отыр. Себебі, жұма күні 100 адамнан асатын шараларға тыйым салынды. Сейсенбі күні Франция Шенген аймағына кіруге тыйым салудың жалпы еуропалық жүйесіне қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары