Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында волонтерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Волонтер жылында еріктілер елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін үлкен жұмыс атқаруда. Олардың еңбегі - халқымызға тән асыл қасиеттердің көрінісі. Волонтерлерге алғыс айтамын! #Birgemiz!", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл Қазақстанда «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын.