20.03.2020, 15:40

Желіде карантинге жатқызылған «президенттің» суреті пайда болды

Фото: pixabay.com
Олардың барлығы басқа елдерден келген.

27 ақпанда Моңғолия президенті Халтмаагиин Баттулга Қытайға бір күндік сапарға барған болатын. Содан кейін ол 14 күндік карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сentralasia дерегіне сілтеме жасап.

Фото:centralasia.media

Карантинге жатқызылған кезде президенттің селфи жасап түскен суреті желіде таралуда. 

Моңғолия президентінің Қытайға сапарынан кейін ол және оның қасында шашбауын көтеріп барған шенеуніктер де коронавирус белгілерін анықтау мақсатында анализ тапсырған және мамандандырылған медициналық мекемелерге карантинге жіберілген.

 Баттулга - елде COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау шаралары енгізілген кейін Қытайға сапарлап барған алғашқы президент. 

Қазіргі уақытта Моңғолияда коронавирустық инфекцияның 6 жағдайы тіркелген әрі олардың барлығы да шетелден келген.  

Тегтер: карантин