$ 494.87  520.65  4.91

Астанада Сирияға отбасымен аттанбақ болған екі тұрғын сотталды

Астанада теріс діни ағымға кіріп, өзгелерді де «улаған» жергілікті екі тұрғын сотталды деп хабарлайды елордалық прокуратураның баспасөз қызметі. Ұсталғандар «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының сапына қосылып, отбасы мүшелерімен бірге Сирияға соғысуға аттанбақ болған жерінен қолға түскен.

Радикалды салафизммен уланған екі азаматты ҚР ҰҚК қызметкерлері өткен жылдың тамыз айында ұстаған. Қараша айында қалалық прокуратура қылмыстық істі Сарыарқа аудандық сотына тапсырды. Бір айға созылған сот процесінің нәтижесінде айыпты екі азаматтың әрқайсысы 7 жылдан бас бостандығынан айрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары