$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстандағы Қызылқұм шөліне қар молынан жауды

Өзбекстанның орталығындағы Қызылқұм шөліне қар жауды деп хабарлайды Lenta.ru елдің Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.

«Республиканың басым аумағында бүгінде күн суытып, термометр бағаны нөлден төмендеп кеткен. Әрине, Өзбекстанның бірқатар облыстары үшін толассыз жауған қар әдеттегі жағдай. Бірақ, елдегі ең ыстық нүкте саналатын Қызылқұм шөліне қардың жаууы сирек кездесетін құбылыс» делінген аталған ведомство таратқан хабарламада.

Айта кетейік, қыстың басталғанына біраз болса да Өзбекстанға суық ауа ағыны енді жетті. Елдегі алғашқы қар осы аптаның басында түсіп, түнде бірқатар елдімекенде аяз сақталуда. Алдағы бірнеше күн республиканың басым аумағында түнде термометр бағаны -5-8 градусты көрсетсе, күндіз 2-6 градус нөлден жоғары болады.

Қызылқұм шөлі 300 мың шаршы шақырымды алып жатыр және Сырдария мен Әмудария өзендерінің арасында орналасқан. Шөлдің үлкендігі сонша, ол Өзбекстанмен бірге Қазақстанның және Түркіменстанның да территориясын қамтиды. Жылына мұнда небәрі 100-200 миллиметр қар түседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары