Жаңалықтар 21.03.2020 сағат 12:20

«Мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды» - Нұрсұлтан Назарбаев

Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз.
«Мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды» - Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: khabar.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды, деп елге ақ тілегін арнады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз. Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең. Биыл біз Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатырмыз. Оның өзіндік себебі бар. Бүкіл дүниеге тараған вирус қаупіне тап болдық.

Бірақ көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды. Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз. Еліміздің алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімдімін. Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін.

Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын. Баршаңызға ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!", - деді Елбасы. 


 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар