21.03.2020, 14:15

Алматы облысында тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Фото: pixabay.com
Науқас 17 наурызда Ыстамбұл – Бішкек рейсімен ұшып келген. 18 наурызда Бішкектен Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласына автокөлікпен жолға шыққан.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 59 адамға жетті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 наурыздағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді", - делінген ресми хабарламада.

 Sputniknews.kz болса, "Науқас 17 наурызда Ыстамбұл – Бішкек рейсімен ұшып келген. 18 наурызда Бішкектен Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласына автокөлікпен жолға шыққан. Қазір стационарлық ауруханада жатыр, жағдайы қанағаттанарлық", - деп  айтқан денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің мәлімдемесін жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін коронавирустің таралуына алдын алу мақсатында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланған болатын.   

Тегтер: коронавирус