23.03.2020, 09:55

Мәскеуден келген ер адам Нұр-Сұлтан әуежайында қайтыс болды

Фото: pixabay.com
Ол ұшақта денсаулығына байланысты шағымданбаған.

Мәскеуден келген ер адам Нұр-Сұлтан әуежайында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz, Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Қайғылы жағдай 22 наурызда болған. 1965 жылғы ер адам өзін нашар сезініп, сағат 18.58-де жедел жәрдемге хабар түскен,  дәрігерлер бригадасы сағат 19.06-да оқиға орнына келген. Өкінішке қарай,  ҚР азаматы биологиялық өлімнен қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ер адам Мәскеуден ұшып келген, алайда, ол ұшақта денсаулығына байланысты шағымданбаған.