23.03.2020, 13:00

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы да көбейді

Фото: pixabay.com
Ел тұрғындары биліктің осындай тек «сан қуған» ресми мәлімдемелеріне наразы.

 Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы бір адамға көбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 61 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстандағы коронавирус бойынша 23 наурыз, сағат 12.40-де жариялаған хабарламасында.

 Реті келгенде айта кетейік, ел тұрғындары биліктің осындай тек «сан қуған» ресми мәлімдемелеріне наразы. Олар өздерінің сақтанып жүрулері үшін сырқаттанған адамның аты-жөні аталмаса да, қай аймақта, қайсы тұрғын үйде тұрғанын білгеніміз дұрыс еді деседі.