Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерге негізгі қарыздар мен оған қосылатын айыппұл, өсіппұлдарды салуды тоқтата тұру керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды салмау жөніндегі шектеуге қарамастан негізгі қарызды төлеу және займдар бойынша сыйақы беруді тоқтату қажет. Банктер толықтай түсіністік танытып және азаматтық ынтымақтастық білдіреді деп үміттенемін. Көптеген азаматтар жағдайдың нашарлауына байланысты кепілсіз несиелер алу үшін банктік емес ұйымдарға - ломбардтарға, интернет-несие берушілерге, микроқаржы ұйымдарына жүгінуге мәжбүр. Сондықтан осы саланы ретке келтіру маңызды", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, президент Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі, Бас прокуратура, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заң сақталуы үшін ауқымды акция жүргізіп, заң бұзушыларды жауап тартуды тапсырды.
Мемлекет басшысының айтуынша, осындай қиын жағдайда қазақстандықтардың құқығын мемлекет қорғайтынын әрбір азамат білуі тиіс.