$ 448.15  483.46  4.86

Коронавирус: Алматыдан тағы екі жағдай тіркелді

Қазіргі жағдай бойынша елімізде 66 науқас тіркелді.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Алматы қаласында тағы екі азамат коронавирус анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі жағдай бойынша елімізде 66 науқас тіркелді.  Олардан 34 адам - Нұр-Сұлтанда, 28 адам - Алматыда, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбеде 1 адам. 

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;

көп адам жиналған орындардан аулақ болу;

науқас адамдармен байланысқа түспеу;

салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Вирусқа күдік пайда болса, қайда хабарласу керек?

тұрғылықты жері бойынша емханаға;

қалалық инфекциялық ауруханаға;

103 номері бойынша;

Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 жедел желі номері бойынша;

382-35-36; 382-33-50 жедел желі номерлері бойынша хабарласуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус