24.03.2020, 12:24

Польшадан 207 қазақстандық қайтарылды

Арнайы чартерлік рейсті екі елдің авиациялық биліктері мен Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің қолдауымен Scat әуе компаниясы орындады.

Азаматтық авиация күшімен отандастарымызды қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 207 қазақстандық аман-есен елге оралды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілгінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Арнайы чартерлік рейсті екі елдің авиациялық биліктері мен Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің қолдауымен Scat әуе компаниясы орындады. Айта кету керек, жолаушылардың басым бөлігі ұшуын бірнеше күн бойы күткен Еуропада оқитын қазақстандық студенттер», - делінген хабарламада..