$ 441.66  475.14  4.86

15 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ел аумағында басым бөлігінде күн ашық болады, тек батысы мен орталығында аздаған қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстаның барлық территориясында жауын-шашынсыз, ашық ауа-райы күтіледі, тек батыста және орталықта фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 22-27, екпіні 30 м/с-ден астам желдің күшеюі күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде  Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары