$ 498.34  519.72  4.85

Маңғыстауда "қызметке орналастыратын" алаяқтардың саны артқан

Маңғыстаулық полицейлердің айтуынша, өңірде "жұмысқа орналастырып беремін" деп, тақырға отырғызып кететін алаяқтардың саны күрт артқан. Тәртіп сақшылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізсе де, алаяқтарға өз аяғымен барып ақшасын ұстататындардың қатары азаяр емес деп жазады Tumba порталы.

Мәселен, жуырда ғана ұсталған 1961 жылғы әйел екі тұрғынды ОСК компаниясына жұмысқа тұрғызамын деп, олардың 2 400 000 теңгесін алып алған. Мұнан кейін не жұмыс жоқ, не ақша жоқ, шарасы таусылған жәбірленушілер полицияға шағымданыпты.

Дәл осындай қылмысқа 1979 жылы туған жергілікті тұрғын да барып отыр. Әйел адам құрбысының күйеуін мұнай компанияларының біріне орналастырамын деп, 625 мың теңгесін санап алған көрінеді. 

Ал, 1983 жылғы азамат "ҚТЖ" компаниясындағы сенімді таныстарым арқылы қызметті қыламын деп, жергілікті тұрғындардың бірінен 1 150 доллар алған. Ол да осынау қаражатты алып, ізін суытыпты.

Қазіргі таңда ұсталған үш күдіктінің үстінен "Алаяқтық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары