$ 514.65  544.6  5.17

Қызылордалық лезгин қызы Абай шығармаларын дәріптеп жүр

Оның айтуынша, ұстаз беделін шәкірті көтереді.

Қызылордалық лезгин қызы Альбина Гадирова орыс мектебінде қазақ тілінен сабақ береді. Бүгінде қазақ халқының дәстүрі, тарихы, әдебиетін үйреніп, оны өзге этнос өкілдеріне дәріптеп келеді, деп хабарлайды Sn.kz.

«Әкем лезгин болса да, қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанып өтті. Мен де сол бағыт-бағдармен, қазақ еліне, тіліне деген сүйіспеншілікпен өз жолымды салып келемін. Қазір орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беремін. Қазақтың ұлы ақыны Абай даналығын жас ұрпақ санасына сіңіруге күш салып келемін», - дейді Альбина.

Оның айтуынша, ұстаз беделін шәкірті көтереді. Ол әрбір оқушысын мақтан тұтады. Білім сапасы мұғалім жұмысының көрсеткіші екенін айтады. Альбинаның шәкірттері пәндік олимпиадада, ғылыми жоба жарыстарында жоғары деңгейден көрініп келеді.

«Шәкірттерім республикалық, облыстық деңгейдегі ғылыми жобалар сайысынан толайым табыстармен оралып жүр. Тұңғыш Президент - Елбасының қолдауымен өмірімізге енген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұстаз ретінде жастарды өлке тарихымен сусындатуға мән беремін, Қазақтың киелі жерлерімен таныстырып, туған жерді қастерлеуді үйретудеміз. Сыр өңірі ұлттық және әлемдік тарих беттеріне атын алтын әріптермен жазып қалдырған тұлғаларға кенде емес», - дейді А.Гадирова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#лезгинка