$ 494.87  520.65  4.91

«Абай-175»: Сыр елінде айтыс өтті

«Айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ шығар. Өйткені айтыс – шын мәнінде сөз аламаны. Қазақтың қаһарман мінезінің көрінісі», – деді аймақ басшысы.

Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақынның әдеби мұрасын әлемдік деңгейде насихаттаудың үлгісі ұсынылған болатын. Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізбен рухани байланыстағы бірқатар әлем елдерінде Абайдың  175 жылдығына арналған шаралар аталып өтуде, деп хабарлайды Sn.kz.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойы аясында «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысының Сыр елінде өтуі өңірдің өнерсүйер халқы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, халықтың төл өнері – айтыстың жастарды тәрбиелеуде әлеуметтік идеологиялық жағынан мықты құрал екенін айтып, ақынның рухани мұрасын насихаттау шараларының әлі де жалғаса беретінін жеткізді.

«Айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ шығар. Өйткені айтыс – шын мәнінде сөз аламаны. Қазақтың қаһарман мінезінің көрінісі», – деді аймақ басшысы.

Айтыс аламанына Серік Құсанбаев, Кенжебай Жүсіпов сынды сақа айтыскерлер бастаған, есімдері ел аузында жүрген Айбек Қалиев, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Әсем Ережеқызы, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, сондай-ақ Аян Ниязбек, Аруна Керімбек, Сұлужан Тауболды, Бексұлтан Орынбасар сияқты талантты жастар қатысып, бақ сынасты.

Бас жүлде «Айтыстың ақтаңгері» Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Ал, І орынды Жансая Мусина иеленсе, ІІ орынды Әсем Ережеқызы, ІІІ орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Айбек Қалиев еншіледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сыр елі