Соңғы жаңалықтар

Сыр елі
Сыр жерінде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен тұңғыш рет «Абай» опералық қойылымы сахналанды

Сыр жерінде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен тұңғыш рет «Абай» опералық қойылымы сахналанды

Сыр жерінде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен тұңғыш рет А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай" опералық қойылымы сахналанды.

Алтын Орданың саяси тарихындағы Сыр өңірінің маңызы

Қашықтықтан өткен шара барысында осы тақырыптарда алдағы уақытта оқушыларға берілетін онлайн сабақтар, тапсырмалар, презентациялар жасаудың тиімді жолдары айтылды.

Сыр елі – төрт астана мекені

Ақмешітті астана ету процесі біршама уақытты алған еді. Қалың қазақтың қоныстанған  қаласын астана ету үшін Алаштың қайраткерлері білек сыбана атсалысты.

«Абай-175»: Сыр елінде айтыс өтті

«Айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ шығар. Өйткені айтыс – шын мәнінде сөз аламаны. Қазақтың қаһарман мінезінің көрінісі», – деді аймақ басшысы.

Сыр елінде жыраулар байқауы өтті

Жырдың мекені саналған Қызылорда облысы Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде көрнекті сөз зергері, шайыр Қарасақал Ерімбеттің 170 жылдығына арналған «Жыр дүлдүлі – Ерімбет» атты аудандық жыршы-термешілер байқауы өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Шараның мақсаты – аудандағы жаңа буын жыршы-термешілерді халыққа дәріптеп, жыраулық дәстүрді ұрпаққа кеңінен насихаттау.  Жыр додасына қатысқан талапкерлер Қарасақал Ерімбеттің жыр-дастандарынан үзінді және терме-толғауларының өз нақышында орындады. Байқауға төрелік жасаған қазылар алқасының құрамында Байназар Өтепов атындағы жыршы-термешілер мектебінің жетекшісі Жасталап Оңдабаев, халықаралық жыршы-термешілер байқауының жүлдегері Ақерке Өтепбергенова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Бекзат Қазиқызы болды. 

Жыраулар додасының қорытындысында жүлделі І орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті, Бекарыстан би аулынан қатысқан Қуаныш Алғазиев жеңіп алса, ІІ орынды Аудандық мәдениет Орталығының қызметкері, Әйтеке би кентінен қатысқан Жәнібек Құтмаханов иеленді. Ал, ІІІ орынды Қазалы қаласынан қатысқан Едіге Айдаров және Жалаңтөс батыр аулынан қатысқан Мейірімжан Махамбетжановтар қанжығалады. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, бір топ жыршы-термешілер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.