«Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле» атты І республикалық байқауы өтті.
Осы байқауға қатысқан қызылордалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақгүл Аққалиева 9 сынып оқушылары Ақтоты Ләтиева мен Айжұлдыз Жамалованы дайындап, бақ сынады, деп хабарлайды Sn.kz.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген оқушы қатысқан байқау екі турдан тұрды. Бірінші туры «Абай қара сөздеріндегі афоризмдерді талдау» олимпиадасы болса, екінші турда жас ақындар өз шығармашылығы бойынша мүшәйрада өлеңдерін оқыды.
Байқау қорытындысы бойынша «Абай қара сөздеріндегі афоризмдерді талдау» олимпиадасы бойынша Айжұлдыз Жамалова бірінші орынды иеленсе, жас ақындар шығармашылығы бойынша мүшєйрада Ақтоты Ләтиева екінші орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды. Осындай талапты шәкірттерді байқауға дайындаған Ақгүл Жеңісқызы Алғыс хат иеленді.