$ 494.87  520.65  4.91

«Абай-175»: Білімділер сайысы өтті

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай №201 мектеп-лицейде «Ақпараттық технология – болашақтың бағдары» атты апталық сайыс өтті. Мерейтой иесінің «Өзгеге көңілім толарсың!» әнімен басталған шарада мектеп-лицей директоры Талғат Садықов қатысушыларға сәттілік тілеп, Абай атамыздың тағылымға толы туындыларынан үлгі алуға шақырды, -деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апталық сайыста аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, аталған білім ошағының 5 «Д» сынып оқушысы Әлімбет Ермұхаммед ұлы ақынның шығармаларын орындады.

ХХІ ғасыр – робототехниканың заманы. Экономикамызды ілгерілету үшін осы салаға терең ден қоюымыз керек. Қоғамдық салалардың барлығын ақпараттандыру, оқу үдерісінің қарықынын жоғарылату бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда, оқушыларға ғылыми-техникалық білім берудің робототехника саласының өзектілігі артып келеді. №201 мектеп-лицейде «Роботтехника» үйірмесі 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұғалімдер «Lego» роботтары негізінде дәріс береді. Үш жылдың ішінде білім ошағының оқушылары аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы атанды. 

Білім ошағының информатика пәні мұғалімі Марина Ахметова ұйымдастырған апталық сайыста да оқушылар аталған салаға қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді. Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, арнайы дипломдарға ие болды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары