$ 449.58  486.94  4.86

«Абай-175»: Жалағаш ауданында әдеби-танымдық кеш өтті

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Жалағаш ауданында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында бірқатар нысандарды аралап, аудан жастарымен кездесті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ең алдымен аудандық кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Қазақ халқының сөнбес жұлдызы» тақырыбындағы әдеби-танымдық кешіне қатысты.

Сондай-ақ, сапар барысында аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының үйірмелерімен, аудандық жастар ресурстық орталығының жұмыстарымен танысып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының кинозалында аудан жастарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлеріне, сұрақтарына жауап берді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары