$ 514.65  544.6  5.17

«Абай-175»: Жаңақорғанда «Өнерлінің қолы алтын» тақырыбында көрме өтті

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Өнерлінің қолы алтын» тақырыбында көрме өтті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған көрмеде №3 мектеп-интернатының 9 сыныбында оқитын Дильназдың өнері жоғары бағаланып, марапатқа ие болды. Оның «Туған жер, ауыл пейзажы», «Менің Қазақстаным», «Бөлменің ішкі интерьері», «Закат пейзажы», «Натюрморт жемістерден», «Құмырадағы гүл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 26 жыл» және т.б шығармашылық жұмыстары түрлі байқауларда көптің көңілінен шықты.

Сонымен қатар онлайн байқауларда да бағын сынап, үнемі ұйымдастырушылар тарапынан шығармашылық қабілеті алғыссыз қалған емес.  «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Таңғажайып картина» байқауында «Қала пейзажы» туындысымен бас жүлдеге ие болды.

Суретші сұлулықты нәзіктікпен қабылдап, лириктің көзімен көреді. Сонда ғана табиғаттың сырын көркем бейнемен өрнектеп, шынайы сұлулықты аша алады. Дильназдың бойында суретшіге тән осындай қасиеттер бар.

«Әрбір шығармашылық адамына шабыт күн ұясына батып, тыныштық орнағанда келетіні сияқты менде осы мезгілде сурет салуға отырамын. Одан бөлек тоқыма тоқу сүйікті ісім. Бос уақытымда әпкелеріме, құрбыларыма сыйлыққа қолсөмке, тұрмыста пайдаланатын түрлі бұйымдар жасай¬мын. Соңғы уақытта портрет салуды қолға алдым», – дейді Дильназ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары