$ 445.66  474.58  4.78

«Абай-175»: Мұғалімдер арасында облыстық семинар өтті

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қызылодада №110 мектеп-лицейінде бастауыш мұғалімдері арасында өткен облыстық семинар өтті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық семинарда өз тәжірибесімен бөліскен №110 мектептің бастауыш сыныбының ұстаздары жаңартылған бағдар¬3ламаның озық тұсын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Алдымен семинар қонақтары мектеп фоесінде оқушылардың жетістіктері мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалаудан бастады. Үлкен экранда мектепте өткізілген ашық сабақтар, коучингтер мен мерекелік кештер көрсетілді.
Семинар тренирі Назгүл Шорабекова сыни ойлауға арналған тапсырмалар берудің тиімділігі жайында өз тәжірибесімен бөлісіп, тренингке қатысушыларға әр түрлі әдістерді таныстырды. Соның ішінде «орындық», «дауыс», «көбейту» әдісі көпшіліктің назарын аударды. Осы әдістер арқылы сыныптағы өзіне сенімсіз оқушының ашылуына септігі тиетінін жеткізді.

Шара барысында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Бала Мұхтар» қойылымы қойылып, ақынның өмірінен сыр шертті. Көрініске 1-4 сыныптың оқушылары қатысып, актерлік қабілетін байқатты. Қойылымды тамашалаған қонақтар Абайдың туған жеріне саяхаттағандай ерекше әсер алғаны үшін мұғалім Зәуре Досжановаға ықыласын білдірді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай #семинар