$ 514.65  544.6  5.17

ДДСҰ басшысы азаматтардың өздігінен оқшаулануы коронавирустан толық арылуға көмектеспейтінін мойындады

Оның айтуынша, мұндай шаралар аурудың таралуына қарсы күресте уақытты ұтуға мүмкіндік береді, алайда өмірді құтқару үшін бұл жеткіліксіз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебреисус коронавируспен күресте жеңіске жетудің алты жолын атады, деп хабарлайды  Stan.kz.

Оның айтуынша, бірінші кезекте денсаулық сақтау жүйесін жақсарту және науқастармен жұмыс істеуге дайын медицина қызметкерлерін дайындау қажет. Сондай-ақ, барлық жұқтырған адамдарды анықтап, коронавирусты тексерудің санын көбейту керек.

Сондай-ақ, Гебреисус науқастарды қабылдау үшін қосымша ауруханалар дайындау, олардың барлық байланыстарын қадағалау және коронавирусқа қарсы күреске барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін мәлімдеді.

"Бұл шаралар вирустың таралуын тоқтатуға ғана емес, барлық шектеулерді алып тастағаннан кейін індеттің жаңаруына жол бермеуге көмектеседі.  Егер сіз мектептер мен кәсіпорындарды қайта ашсаңыз, онда оларды кейіннен жабу үшін ғана", - деді ол.

"Табу, оқшаулау, тестілеу, емдеу, қадағалау - бұл одан әрі шектеулерді болдырмау жолы", - деп атап өтті Гебреисус.

Сонымен бірге, ДДСҰ басшысы азаматтардың өздігінен оқшаулануы және қозғалысын шектеуі коронавирус пандемиясынан толық арылуға көмектеспейтінін мойындады.Оның айтуынша, мұндай шаралар аурудың таралуына қарсы күресте уақытты ұтуға мүмкіндік береді, алайда өмірді құтқару үшін бұл жеткіліксіз.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 414 179 адамға жетті. Сондай-ақ, әлем бойынша 18 440 адам көз жұмды. Соңғы 24 сағат ішінде инфекцияның алғашқы жағдайлары туралы Лаос пен Ливия хабарлады.

Бұл ретте елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 88 адамға жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары