$ 524.65  552.19  5.14

"7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламалары бойынша төлем мерзімі шегеріледі

"Баспана-хит" бағдарламасы бойынша қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру банктермен бірлесіп жүзеге асырылады.
Фото: ptzgovorit.ru
Фото: ptzgovorit.ru

"7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламалары бойынша төлем мерзімі шегеріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк мәліметінше, коронавирус пандемиясына байланысты бұл бағдарламалар бойынша берешегі барлар қарызын 90 күнге дейін мерзімін ұзартып төлей алады.

"Қазақстан Ұлттық Банкі коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты халықтың қаржылық жағдайын қолдау үшін Елбасының халыққа "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты "Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бірінші бастамасын іске асыру шеңберінде бастама жасалған "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына, сондай-ақ "Баспана-хит" тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізді. Банктер қарыз алушыларды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауға және олардың мәселелерін жеке-жеке шешуге тиіс. Төтенше жағдай кезеңінде қиын ахуалға тап болған қарыз алушылар банктермен бірлесіп төлемдер бойынша ақы төлеудің ыңғайлы тетігін әзірлеп шығарады. Бұл ретте аталған өзгерістер кредиттік бюроға ұсынылатын қарыз алушылардың кредиттік тарихына әсер етпейді", - делінген хабарламада.

"Баспана-хит" бағдарламасы бойынша қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру банктермен бірлесіп жүзеге асырылады.

Тұрғын үй бағдарламаларының қарыз алушылары ай сайынғы төлемдерінің мерзімін ұзартуды елде төтенше жағдай енгізілген күн 2020 жылғы 16 наурыздан бастап ала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ипотека