$ 444.32  473.33  4.76

«Абай-175»: Қызылордалық бүлдіршіндер халықаралық өнер фестивалінде Гран-При иеленді

12 бүлдіршіннен құралған хор тобын аталған халықаралық байқауға балабақшаның музыка жетекшілері Қазбек және Әділет Әбіләкімдер дайындап, Сыр елінің абыройын аспандатуға үлкен еңбек сіңірген.

Қызылорда қаласындағы «Сыр еркесі» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының құрметіне орай өткізілген «Үкілі үміт» атты халықаралық өнер фестивалінде Гран-При иеленді, - деп хабарлайды Sn.kz.

«Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастырған халықаралық байқауда аталған балабақшаның 4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерінен құралған хор тобы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, жеңіс тұғырынан көрінді.

12 бүлдіршіннен құралған хор тобын аталған халықаралық байқауға балабақшаның музыка жетекшілері Қазбек және Әділет Әбіләкімдер дайындап, Сыр елінің абыройын аспандатуға үлкен еңбек сіңірген.

Айта кетейік, бүгінде Раушан Ысқақова жетекшілік ететін «Сыр еркесі» балабақшасы қалада 7 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы уақыттың ішінде бірлігі жарасқан ұжымның тәрбиеленушілері Қызылорда облысының атын халықаралық байқауларда талай рет биіктен көрсеткен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары