$ 498.34  519.72  4.85

«Абай-175»: Қызылордаға ақынның туған жерінен көрме жетті

Жәдігерлер қатарында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттар мен архивтік деректер, құнды қолжазбалар, тұрмыста қолданған заттары, кітаптары мен фотосуреттері бар.

Қызылорда облысындағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында ұлы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіндегі экспонаттар қойылған «Абай – дана, Абай дара қазақта» атты көрме ашылды, - деп хабарлайды Sn.kz. 

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы Бақберген Досманбетов, мәдениет саласының қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Жәдігерлер қатарында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттар мен архивтік деректер, құнды қолжазбалар, тұрмыста қолданған заттары, кітаптары мен фотосуреттері бар.

– Елбасы Алаштың анасына балаған Сыр өңірі ұрпаққа мұра болар құндылыққа бай. Ұлы ақынның мерейтойына ел болып атсалысып жатырмыз. Бүгінгі көрмемен танысып шықтым, Абай дәуірінен бастау алып Абайдың асқақ арманымен ұштасады. Ақынның шығармашылығын зерделеп, философиясына терең мән беруіміз керек. Бұл арқылы біз жас ұрпақты қайнар бұлақпен сусындатып, рухани мұрамызды бойына сіңіріп, елжанды етіп тәрбиелей аламыз.

Сондықтан әлем мойындаған ойшылдың еңбектері ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Абай тұлғасы қазақтың асқақтығын көрсетті. Хакім мұрасын насихаттау – әр қазақтың міндеті. Бізге арнайылап келіп, көрме ұйымдастырған азаматтарға алғысымыз зор, – деді Н.Байқадамов көрменің ашылу салтанатында.

Екі бөлімнен тұратын көрмеде қазақ даласындағы медреселер тарихына қатысты материалдар да бар. Оның ішінде Абай оқыған Семейдегі Ахмет Риза медресесі жайлы, ондағы кітаптар көрерменді қызықтыра түсті. Этнографиялық бұйымдар да өз орнына орныққан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көрме