Қармақшы аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.
Байқау 3 кезең тұрды: «Білімдіден шыққан сөз...» атты алғашқы кезеңде Абай шығармаларын жатқа оқу, «Әсем әнмен жыр тербеп...» атты екінші кезеңде Абайдың әндері мен күйлерін, Абай шығармаларын Сыр мақамдарына салып орындау, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты үшінші кезеңде жас ақындардың Абайға арналған төл туындылары оқылды.
Байқауға кент орталығынан, елдң-мекендерде орналасқан мектептерден 77 талапкер қатысты.
Алғашқы кезең бойынша Іңкар Бижан І орын иеленсе, Мерей Алдамжарова мен Нұрби Кеңесбаева ІІ орын, Қуаныш Тасбергенов ІІІ орынмен марапатталды.
Ал екінші кезең бойынша Айбол Оралбекұлы І орынмен, Айдана Амантай ІІ орын, Диас Төлегенов ІІІ орынмен марапатталды.
Үшінші кезең бойынша І орынды Ақерке Бекбергенова иеленіп, ІІ орын Еркебұлан Серіковке, ІІІ орын Жанель Тоқтарға бұйырды. Байқауға қатысқан барлық талапкерлерге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы алғыс хаты табысталды.