$ 443.85  474.3  4.8

«Абай-175»: Мемқызметкерлер көрмеге барды

Қазақстанның барлық аймағына атбасын тіреуді көздеген көрме, Сыр елінде С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясынан орын алған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы қызметкерлері ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбындағы жылжымалы көрмемен танысты, - деп хабарлайды Sn.kz.

Қазақстанның барлық аймағына атбасын тіреуді көздеген көрме, Сыр елінде С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясынан орын алған.

Аталған көрме, ұлы ақын туралы мол мағлұматтар жинақталған «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейімен» ұсынылды.

Департамент пен филиал қызметкерлері Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттармен, архивтік деректермен, құнды қолжазбалармен, Абай оқыған Ахмет-Риза мешіт-медресесінің араб, түрік, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптарымен, этнографиялық бұйымдармен танысты.

«Ұлы ақынның ұлағатты өмірінен сыр шертетін, рухани нәр беретін жәдігерлермен танысу, әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысына тың серпін әкелетініне сенімдімін. Сол себепті сырбойылық барлық мемлекеттік қызметшілерді көрмемен танысуға шақырамын», - деді департамент басшысы Нұрман Талқанбаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары