Парламент Мәжілісінің төрағасы коронавирус пандемиясына байланысты бүгінгі пленарлық отырыстың өзгеше форматта өтіп жатқанын хабарлады. Себебі, 23 депутат жұмысқа келген жоқ, деп хабарлайды Azattyq-ruhy.kz.
«Өздеріңіз байқағандай, кей әріптестеріміз жиналысқа қатысып отырған жоқ. Бірақ қорқудың еш қажеті жоқ. Алаң болмаңыздар. Олар аман-есен. Тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес, жасы 65-тен асқан депутаттарға пленарлық отырысқа қатыспай, үйде отыруға кеңес бердік. Бізге кворум жалпы отырысты осындай форматта өткізуге де мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Н.Нығматуллин.
Аал Парламент Мәжілісіндегі жасы ең үлкен депутат – Владислав Косарев. Ол биыл 83-ке келеді.
23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында жасы 55-тен асқан азаматтарға жұмысқа шығуды шектеуге кеңес беріп, қарт адамдарға үйде оқшауланған дұрыс екенін айтқан болатын.