Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күресте ең бастысы - уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау екендігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау.
Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz", - деп жаздыТоқаев Twitter парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны - 88 адамға жетіп отыр.