$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны жүзге жуықтады

Жалпы 97 науқас тіркелді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында тағы 9 адамның коронавирус жқтырғаны анықталды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Осымен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны жүзге жуықтады.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. 26 наурыз, сағат 12:20-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 97 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күресте халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге алғыс білдірген болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары