$ 449.58  486.94  4.86

Бүгіннен бастап Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты қысқарды

Қоғамдық көлік жұмысының мониторингі мен талдауы жолаушылар ағынының 70%-ға төмендегенін көрсетті.

Қала әкімдігі 26 наурыздан бастап Алматы қаласында қоғамдық көлік 19.00-ге дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Қоғамдық көлік жұмысының мониторингі мен талдауы жолаушылар ағынының 70%-ға төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық автобус маршруттары мен метроның жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен, қаладағы қоғамдық көлік сағ. 06.00 мен 19.00 арасында жұмыс істейді, - дейді делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жоспарлы 95% шығумен штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары