$ 446.49  475.38  4.79

«Олар міндетсініп жатқан жоқ»: Сағынтаев көпшілікке ойланарлық сұрақ қойды (ВИДЕО)

Аяушылық қажет емес.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Алматы қаласының әкімі Instagram парақшасы арқылы тұрғындарған маңызды үндеу жолдады. Ол үндеуінде қиын шақта елдің амандығы үшін түн ұйқысын қиып жұмыс жасап жатқан адамдар туралы айтып, көпшілікке ойлантарлық сұрақ қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Осындай қиын шақта біздің, елдің амандығы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, отбасынан жырақта жүріп, демалыссыз, жанқиярлықпен күресіп жүрген жандар туралы ойланып көрдік пе? Бәлкім, бәзбіреулер айтар, бұл полиция өкілдерінің, әскерилердің және дәрігерлердің парызы деп. Бірақ олар үн-түнсіз жасап жатқан сол еңбектерінің өтеуін бізден сұрап, міндетсініп жатқан жоқ", - деді Сағынтаев.

 Қала әкімі мұнан бөлек, көпшілікті сабырлы болуға шақырды. 

"Қарапайым тұрғындар оларға қалай көмектесе алады? Аяушылық қажет емес. Тек қана әрқайсымыз орын алған жағдайға түсіністік танытып, өз жауапкершілігімізді күшейтіп, саналы түрле қолдау көрсетіп отырайық. Қабылданған карантиндік шаралардың тиімділігі де осында. Бұл мәңгі емес. Сондықтан бәріңізді сабырлы болуға, ал алдыңғы қатарда еңбек етіп жүргендерге шыдамдылық пен күш-жігер тілеп қояйық!", - деді Алматы қаласының әкімі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары