$ 449.58  486.94  4.86

Даниал Ахметовтің қарындасын ұрлағандарға қатысты сот үкім шығарды

Сондай-ақ, сот оларды моральды шығынды өтеуге міндеттеді.
Фото: Liter.kz
Фото: Liter.kz

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында павлодарлық Гүлфаз Аубанованың ұрлануына қатысты сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот алдында фирмалардың бірінің директоры мен оның бұрынғы күзетшісі келді. Екеуі де адам өлтіруге оқталу, аса қомақты мөлшерде ақша бопсалап, алдын ала келісім бойынша бір топ болып адам ұрлау баптары бойынша айыпталған болатын.

Осылайша, соттың үкімімен Асхат Тезекбаев адам ұрлағаны үшін айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің максимал қауіпсіздік мекемесіне өтейді. Оның сыбайласы Игорь Милованов та айыпты деп танылып, 11 жылға сотталды. Ол да жазасын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің максимал қауіпсіздік мекемесіне өтейді.

Тағы оқи отырыңыз: Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кеткен қылмыскерлерді қандай жаза күтіп тұр?

Даниал Ахметовтың қарындасын ұрламақшы болған азамат іздестіріліп жатыр

Сондай-ақ, сот оларды моральды шығынды өтеуге міндеттеді. Соттың шешімімен Тезекбаев 4 миллион теңге, ал Милованов 2 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары