$ 498.34  519.72  4.85

Германияға жеке ұшақпен барған судьяға қатысты тексеріс басталды

Бұрын хабарланғандай, Бәрпібаев Германияда жүргенде коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандықтардың бірі болды.
Фото: Total.kz
Фото: Total.kz

Нұр-Сұлтанның жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, елордалық соттың төрағасы Тілектес Бәрпібаевқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Бұған дейін оның Германияға ұшақ жалдап барып, сол жақта коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

"Тексеру барысында жеке ұшақты бизнесменнің жалдағаны анықталды. Аталған бизнесмен Бәрпібаевтың туысы (құдасы) болып шықты. Ұшақ Германияда медициналық операция жасау үшін жалданған", - делінген хабарламада.

Бұл тұрғыда Жоғарғы сот комиссиясы Бәрпібаевтың судья этикасы талаптарын сақтауын тексеруде. Тексеріс нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.

Бұрын хабарланғандай, Бәрпібаев Германияда жүргенде коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандықтардың бірі болды.

Оның туыстары Қазақстанға іскерлік ұшақпен оралды. Алматыға келген соң олар карантинге жіберілді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары