$ 448.15  483.46  4.86

Ресейде жарылыстан 5 қабатты тұрғынүй қирап қалды

Ресейдің Ярославль қаласында 5 қабатты тұрғын үйде газ жарылып, салдарынан бір подъезд толығымен қирап қалды. Оқиға бүгін таңертең Мәскеу уақытымен таңғы 04:20-да орын алған деп жазады Lenta.ru.

ТЖМ-ның аймақтық орталығы үйінділер астында ондаған адамның қалып қойғандығын айтып отыр. Ғимаратта барлығы 4 подъезд болған. Соның біреуі толығымен жермен-жексен болды. Онда барлығы 10 пәтер болған көрінеді. Көрші подъездердің де қирауы мүмкін болғандықтан құтқарушылар ондағы тұрғындардың барлығын қауіпсіз жерге көшірді.

Әзірге үйінділер астынан 4 адам аман-есен шығарылды. Олардың үшеуінде орта деңгейлі жарақат бар, әйел адамның сүйектері сынған, ол құтқарушыларға ұялы телефоны арқылы өзі хабарласыпты.

Аталған 10 пәтерде барлығы 40 адам тұрған. Үйінділер астында шамамен 39 көмек күтіп жатыр дейді ТЖМ мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары