Қазақ-қытай шекарасын күзеткен сақшылар елімізге Қытай юанын жасырып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі. Күдікті аталған қаражатты декларацияда көрсетпей, беліне байлап өтпек болған.
«Қорғас» шекара бекетінде ұсталған азамат купюраларды кленкаға орап, беліне көрінбестей етіп байлап алыпты. Тексеру барысында 47 жастағы ер азаматтың 128 500 юаньды (7 миллион теңгеден астам) заңсыз алып өтпек болғаны анықталған. Қазір ол құқық қорғау органдарына тапсырылды және өз кінәсін толық мойындап отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.