$ 494.87  520.65  4.91

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Ол Қызылорда облысы, Сырдария ауданының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Фото: КТК.kz
Фото: КТК.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев. Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 28 наурыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметте Қуанышбек Ысқақов атқарған еді, енді ол лауазымнан мемлекет басшысының жарлығымен босатылды.

Тағы оқи отырыңыз:  Қызылорда облысының әкімі қамауға алынды

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының әкімі қызметіне келген Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР мемлекеттік хатшысы болып жұмыс істеген. Ол Қызылорда облысы, Сырдария ауданының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары