Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 150 адамға жетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 23.15 жағдай: коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам Алматы қаласында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 75 адам, Алматы қаласында – 55 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Ақмола облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, жалпы 150 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде азаматтардың оқшаулануын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік комиссияның шешімімен 30 наурыз бен 5 сәуір аралығы жұмыссыз апта болып жарияланды. Бүгіннен бастап карантин талаптарын бұзғандар 15 тәулікке қамалады.