28.03.2020, 18:00

Нұр-Сұлтан қаласында 13 адам коронавирустан жазылды

Фото: pixabay.com
Індет Қызылорда облысына да жеткен.

Нұр-Сұлтан қаласында 13 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

 "204 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған. Олардың әшәнде, Нұр-Сұлтан қаласында – 117, Алматы қаласында – 58, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысы – 5, Алматы облысында – 4, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Қызылорда облысы – 1, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысы – 1", -  делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында екі адамның коронавирустан жазылғаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Жалпы қазіргі таңда 15 адам коронавирустан айыққан.