Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садымановтың қаулысымен аймақта мынадай шектеу шаралары енгізілді.
Халықтың қозғалысына, сонымен, қатар қоғамдық көліктің қозғалысына 2020 жылдың 30 наурызынан 19:00 ден 08:00 сағатқа дейін эпидемияға қарсы режим бойынша шектеу қойылды.
Тұрғындардың өз пәтелерінен шығуына шектеу қойылады (тек ерекше қажеттілік болғанда ғана дүкенге, дәріханаға, қоқыс төгуге және жұмысқа баруға рұқсат етіледі). Көршілердің, туыстардың, әріптестер және т.б бір-біріне баруы шектелсін.
Азаматтардың қоғамдық орындарға: саябақтар, алаңдар, балалар және спорт алаңқайлары және т.б. баруына шектеу қойылсын.
Әуе және темір жол, автовокзалдарға шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу қойылсын.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е. Садымановтың қаулысымен өңірде 2020 жылдың 30 наурызынан бастап мынадай шектеу шаралары енгізілді:
Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау, Ақтау-Тұщықұдық-Шебір-Ақтау, Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау, Ақтау-С.Шапағатов-Ақтау, Шетпе-Жаңаөзен-Шетпе, Бейнеу-Атырау-Бейнеу, Боранқұл-Құлсары-Боранқұл бағыттарындағы қалааралық автомаршрут қозғалыстарына;
Адамдармен жақын байланысатын интернет және ойын клубтары мен өзге де халыққа қызмет көрсететін орындарға;
657/658 "Маңғыстау-Бейнеу" бағытындағы поезының жүруіне;
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін аймақта енгізілген шектеу шараларын жүзеге асыру мақсатында облыстың полиция департаментінің қызметкерлеріне мыналар тапсырылады:
Енгізілген шектеулердің сақталуын қадағалау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру және азаматтардың қоғамдық орындарда жүруін болғызбау.
Карантиндік аймақтың толықтай қоршалуын қамтамасыз ету; Ақтау аумағына жаяу кіру мүмкіндігін кесу.
Карантиндегі тұлғаларды талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту.
Қоғамдық аумақтарды бақылау, аумақтардың жарықталуын және бейнебақылаумен қамтылуы бойынша шараларды күшейту
Полицияның бүкіл жеке құрамын жұмылдыру, қажет болғанда өзге құрылымдардың күшін бөлу.
Төтенше жағдай кезінде қылмыспен күрестің және сот әділдігін жүргізудің, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл алгоритмін даярлау.
Арандату ақпараттарын және қауесеттердің жолын кесу жөніндегі жұмысты ерекше бақылауға алу. Осындай мәліметтерді таратудың кез-келген түрін қатаң тыйып, авторларын анықтап, жазалау.
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулы етті:
Жасы 65-тен асқан тұрғындардың көшеге шығуын шектеп, оларға дәрі-дәрмек пен азық-түлікті жеткізіп беруді.
Дереккөз: Baq.kz